• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-03/144 

267 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықта (бұдан әрі – қауымдастық) есепке алынуға және тіркелуге жатады. 2. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі 3. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды (бұдан әрі – аңшы жыртқыш құстар) есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады. 4. Аңшы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін: 1) аңшы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аңшы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші; 2) аңшы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аңшы жыртқыш құстың паспорты; 3) аңшы куәлігінің көшірмесі; 4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің*) көшірмесі. Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. 5. Шыққан жерінде тұратын аңшы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі. Паспорт аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аңшы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат. 6. Қауымдастық аңшы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аңшы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аңшы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгілейді. 7. Аңшы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе заңсыз сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді. 8. Аңшы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді. 9. Әрбір аңшы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады. 10. Аңшы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі. 11. Тіркелген аңшы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аңшы жыртқыш құстың түрі, алынбайтын сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады. 12. Аңшы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге _______________________________________ (қауымдастықтың толық атауы) ____________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты, ____________________________________________ әкесінің аты (бар кезде), ЖСН) ____________________________________________ (мекенжайы, телефон және факс нөмірі) Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш Аңшы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын Аңшы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ______________________ Ұстау мақсаты және орны ____________________________________________ Ие болу тәсілі ______________________________________________________ Алынбайтын сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________ 20 __ жылғы _________ ________________________________ (өтінім берілген күн) (қолы, Т.А.Ә.,) Мөр орны (бар кезде) Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Аңшы жыртқыш құстың паспорты (НӨМІР) Түрдің атауы: (қазақша) ________________________ (ғылыми) ________________________ Жынысы ______ Туған жылы ______ Сақинасы (алынбайтын) ___________ Микрочипі ______________________ Айырықша белгілері ______________ Аңшы жыртқыш кұстың шығу тегі ________________________________ Иесі ____________________________ Иесінің құжаты __________________ нөмірі _______ берілді ___________ Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі _____________________ «Аңшы жыртқыш құстың паспортын» берген ұйым _________________ _____________________ (қолы) (мөр орны) (НОМЕР) Название вида: (русское) ______________________ (научное) ______________________ Пол ____ Год рождения __________ Кольцо (несъемное) _____________ Микрочип _____________________ Особые приметы _______________ Происхождение птицы ___________ Владелец ______________________ Документ владельца _____________ номер _______ выдан ____________ Дата и номер регистрации ловчей хищной птицы __________________ Организация, выдавшая «Паспорт ловчей хищной птицы» _______________________ ____________________________ (подпись) (место печати) (НОМЕР) Name of species: (English) _______________________ (scientific) ______________________ Sex _________ Birth date __________ Ring ________Microchip __________ Special marks ___________________ Origin of the bird ________________ Name of owner __________________ Document of owner _______________ number ________ issued ___________ Date of registration of the bird _______________________________ Authorized agency _______________ ______________________ (signature) (stamp) Адрес Адрес Address _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ _____________________________ Паспорттың мұқабасы ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ PASSPORT OF BIRD OF PREY Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 3-қосымша Нысан № _____________ АҢШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ Түрдің атауы _________________________________________________ (қазақша, орысша, ғылыми) Жынысы ________________ Туған жылы _________________________ Сақинасы (алынбайтын) ________________________________________ Микрочипі ___________________________________________________ Айрықша белгілері ____________________________________________ Аңшы жыртқыш құстың шығу тегі _______________________________ Аңшы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі ____________________ Иесі ________________________________________________________ Иесінің құжаты _______________________________________________ нөмірі ________________ берілді ______________________________ Иесінің мекенжайы ____________________________________________ Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ____________\_________ Аңшы жыртқыш құстың паспорттың нөмірі _________________________ Паспортты алдым. Иесі _________________________________________ (қолы) Карточканы толтырған адамның қолы ______________________________ Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 4-қосымша Нысан Аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналы Жазба нөмірі Аңшы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының нөмірі Аңшы жыртқыш құс паспортының нөмірі Құстың түрі Сақина, микрочип нөмірі Иесі (аты, әкесінің аты (бар кезде) немесе заңды тұлғаның атауы) Иесінің мекен-жайы Тіркелген күні 1 2 3 4 5 6 7 8 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10651 болып енгізілді.